Menu HELPDESK

Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған музыкалы-поэтикалық кеш өтті



       Биыл елімізде белгілі дирижер, композитор, Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық артисі, алғаш қазақ халық аспаптар оркестрін құрып, еліміздегі кәсіби музыкалық білім беру ісін жолға қойған профессор Ахмет Жұбановтың 115 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осы орайда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен А.Жұбанов атындағы мектеп-интернатының үлкен залында консерваторияда өнер көрсететін «Дебют» студенттік театрының қатысуымен «Ахмет Жұбанов - ұлт мақтанышы» атты музыкалы-поэтикалық кеші өтті. «Дебют» студенттік театрының көркемдік жетекшісі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Айдос Тоқтағұл Мыңжанұлы.

   Кешті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Ректор аппараты қызметінің басшысы Скаков Ермек Жаңатайұлы ашып беріп, кеш қонағы Ажар Ахметқызына сый-сияпатын жасады. Сыйлы қонағымыз әкесі туралы естеліктерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар кеште А.Жұбанов атындағы РҚМММИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дінжанова Толғанай Мухитддинқызы сөз алып, әйгілі академик туралы ой-толғанысын жеткізіп, ұйымдастырушыларға өз ризалығын білдірді.

Музыкалы-поэтикалық кеште көрермендерге Ахмет Жұбанов туралы кино хроника көрсетіліп, композитордың шығармаларынан концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеш қызықты, мағыналы әрі әсерлі болды.














Альбомдарға оралу