Menu HELPDESK

Алматыда Қазақстан шығармашылық зиялы қауымының бірінші конгресі өз жұмысын бастады


Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан шығармашылық зиялы қауымының бірінші конгресі өз жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шараға еліміздің барлық өңірлерінен зиялы қауым өкілдері қатысуда. Алқалы жиын бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты концерттік ұйымдар, театрлар, мұражайлар мен шығармашылық оқу орындарында әртүрлі тақырыптағы семинарлар мен кездесулер, көрме, қойылымдар мен концерттер белгіленген.

Консерваториямыздың Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залының алдындағы алаңқайда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі ұжымдарымен бірігіп ұйымдастырылған «Жаңғырық» атты ашық аспан астындағы көрмені қызықтап, сондай-ақ Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің орындауында бірнеше ән-күй тыңдаған конгресс қатысушылары артынша Үлкен концерттік залда арнайы дайындалған «Көктем әуендері» концертін тамашалады. Аталмыш шараларды консерватория ректоры Арман Әділханұлы ашып берді.

















Альбомдарға оралу