Menu HELPDESK

Арманов Құдайбергеннің «Кең өлкем» атты кеші өтті

2024 жылдың 28 ақпанында Ғ.Жұбанова атындағы камералық залда 4-курс студенті Арманов Құдайбергеннің дипломдық жоба тақырыбына сәйкес композитор Сұлтанғали Лұқпановтың шығармашылығына арналған «Кең өлкем» атты кеші өтті. Ұстазы: А.Қ.Алина - Құрманғазы атындағы ҚҰК аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі.

 

Концертте Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары: Мұсаев Бекзат, Көшкінбаев Нұрғиса, Таупықова Алтынжан, Естайұлы Абдуррахман, Сағынбек Меруерт, Валиев Ибрагим өнер көрсетті.






Альбомдарға оралу