Menu HELPDESK

«Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушылары концерт берді

2024 жылдың 27 наурызында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Фортепиано музыкасының концерті өтті. Концертте «Арнайы фортепиано» кафедрасының оқытушылары ҚР Халық артисі, профессор Г.И.Қадырбекова, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Г.Е.Узенбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент, PhD докторы А.А.Тілеубергенова, доцент Б.Б.Айғалқаева, аға оқытушылар А.А.Романенко, И.А.Гавриленко, оқытушылар М.Я.Сепп, Д.К.Тоқмурзиева, М.К.Қабден өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада Ф.Мендельсон, И.Брамс, К.Сен-Санс, К.Дебюсси, М.Равель, А.Скрябин және С.Рахманинов шығармалары орындалды.



Альбомдарға оралу