Menu HELPDESK

Аспаптар үні асқақтаған күн

2022 жылғы 5-15 желтоқсан күндері Алматы қаласында «KOGAN’S COMPETITION» атты ІІ Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауы онлайн форматта өтті.


Байқауда «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы бойынша аға оқытушы Олеся Викторовна Нестерованың сыныбының оқушысы Аружан Бауыржанқызы Дәркенбаева – II орынды жеңіп алды, концертмейстері Гүлназ Ғаянқызы Қосаманова; оқытушы Айман Жұмабайқызы Сағымбаеваның сыныбында оқитын Нұржан Маратұлы Майлы – III орынды иеленді, концертмейстері Баян Еркінқызы Болжырова; доцент Бахтияр Төлепбергенұлы Әбдірашевтің сыныбының оқушысы Имран Қанатұлы Қашаубай – III орынға табан тіреді, концертмейстері Гүлнар Сахитқызы Әбдірашева; оқытушы Қанат Тұңғышбайұлы Ботабаевтың сыныбынан тәлім алып жүрген Расулла Русланұлы Файзулла – III орынға тұрақтады, концертмейстері Динара Болатқызы Ысқақова; Сатбаев Олжас Ренатович – III орынды місе тұтты, концертмейстері Гүлназ Ғаянқызы Қосаманова. Ал «Ансамбльдік өнер» аталымында Саксофоншылар ансамблі, көркемдік жетекшісі – Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті Игорь Юрьевич Шубин, ІІ орынға лайық деп танылды.


«KOGAN’S COMPETITION» атты ІІ Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауында лауреат атанған Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенттерін жеңістерімен құттықтаймыз!













Альбомдарға оралу