Menu HELPDESK

«Аспаптық орындаушылық» факультетінің ашық есік күні өтті



2023 жылдың 16 мамырында кәсіптік-бағдар беру іс-шаралары аясында «Аспаптық орындаушылық» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы арнаулы орта білім беру мекемелері мен мамандандырылған музыкалық мектеп түлектеріне, сондай-ақ, болашақ магистранттар мен доктаранттарға Ашық есік күнін өткізді.


Кездесуде ең алғашқы қазақстандық кәсіби музыкалық ЖОО-ның тарихы жайында, классикалық өнердің бастауында тұрған көрнекті тұлғалар туралы әңгіме өрбіді.


Онлайн трансляцияны «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы, PhD докторы А.С.Бекенова төмендегі кафедра меңгерушілері:

1.«Ішекті аспаптар» - ҚР Халық артисі, профессор Г.К.Мырзабекова; 

2.«Үрмелі және ұрмалы аспаптар»- PhD докторы О.В.Нестерова;

3.«Арнайы фортепиано»-аға оқытушы И.А.Гавриленко;

4. Бакалавриат, магистратура және доктарантура бойынша қабылдау комиссиясының хатшылары А.К.Иманбаев пен Д.Е.Кешубаеваның қатысуымен өткізді.


Кездесуде оқу үдерісіне енгізілген жаңашылдықтар жайында, білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары турасында, сонымен қатар, Эразмус + бағдарламасы жайында сөз қозғалды.


Сондай-ақ, түлектер, болашақ талапкерлер қабылдау ережесімен, құжаттарды өткізу мерзімімен, шығармашылық емтихандар, емтиханға қойылатын талаптармен, бағалау критерилерімен, шығармашылық емтихандарға кеңес беру күнімен танысты. Жүздесу барысында Қабылдау кампаниясы мен ҰБТ-ға тіркелуге қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.



Альбомдарға оралу