Menu HELPDESK

Атақты күйші Ермек Қазиев консерваторияда қонақта



Бүгін консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында «Домбыра» мамандығының 1-курс білім алушыларына профессор Т. Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты ашық сабағы өтті.


Ашық сабақ қонағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрмет орденінің және Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры», Халық күйшісі Ермек Қазиев болды. Биыл мерейлі 75 жасқа келіп отырған Орал қаласынан келген құрметті қонағымызға консерватория ректоры Арман Әділханұлының құттықтау хатын «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Динара Нұрбаева табыстап, ұжым атынан сый-сияпат көрсетіп шапан жапты. Ермек Еселұлы консерватория басшылығына өз ризашылығын білдіріп, студенттерге күй құдыреті, күй шежіресі, күйлер тарихы жөнінде әңгімелеп, орындаушылық шеберлігімен де бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.















Альбомдарға оралу