Menu
info@conservatoire.kz

ҚАЗАҚТЫҢ «ОРТЕКЕСІ» ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ НАЗАРЫНДА


Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар. Бейнероликте қуыршақ-теке нұсқасы ұсынылған.

Орындаған: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі (көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ш. Қорғанбек) жеке орындаушы – Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ОКЗ директорының орынбасары, «Мәдениет қайраткері» Серік Нұрмолда.

Бенероликті мына сілтемеден тамашалай аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=7LX66Z7zbBE


Альбомдарға оралу