Menu HELPDESK

Баян сыныбының концерті өтті


2024 жылдың 3 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А.М.Гайсин мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық конкурстардың лауреаты, аға оқытушы, Г.М.Нарымбетованың баян сыныбы шәкірттерінің концерті болып өтті.

Концерттік кеште студенттер Халықаралық конкурстардың лауреаттары Сауыт Жандос, Ахымбек Темірлан, Елемес Диас және Республикалық конкурстардың лауреаттары Абайұлы Абылайхан, Мұхаметқазықызы Айман өнер көрсетіп, қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармаларын орындады.









Альбомдарға оралу