Menu HELPDESK

«Біржан деп атым шықты алты Алашқа...» атты класс-концерт өтті

2024 жылдың 11 наурызында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында Еркін Шүкіманның Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына арналған «Біржан деп атым шықты алты Алашқа...» атты лекциялық класс-концерті болып өтті. 

Концерттік бағдарламада Қостыбай Қажыби, Барақбай Бексұлтан, Саниязбек Айдос, Шешхан Өмірзақ, Жаппар Абялай, Өмірғалы Мадияр, Әбдіғани Әсем, Болатбек Арайлым, Аманғали Баймырза, Құрманғазы Нұрғабыл, Серікбек Жанар Біржан салдың бұрын естілмеген әндерін орындап, көрермен қошеметіне бөленді.





Альбомдарға оралу