Menu HELPDESK

Домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауында консерватория студенттері жүлдегер атанды

Көрнекті композитор, КСРО Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 95 жылдығына арналған «Әлқисса» фестивалінің аясында өткен Домбырашылар мен әншілердің республикалық онлайн-байқауында консерваториямыздың студенттері жүлдегер атанып, үздіктер қатарынан көрінді!

«Домбыра» номинациясы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Жүдебаев Арман Әділханұлының шәкірті, 2-курс студенті Қазкенов Дастан жүлделі 1 орынды иеленсе,


«Вокал» номинациясы бойынша 3-курс студенті Көшкінбаев Дінмұхамед 2 орын алып лауреат атанды, ұстазы Бекназарова Танагүл Кайкенқызы, сүйемелдеушісі Жидилова Гүлнар Шаханқызы.


Жеңімпаз студенттерімізді жүлделерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

 

Альбомдарға оралу