Menu HELPDESK

«Естілмеген есті әндер» атты лекция концерт өтті


2024 жылдың 28 наурызында Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Естілмеген есті әндер» атты лекция концерті болып өтті. 

Концертке «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенттері Ідірбай Байбақты (магистрант), Аманғазин Сәулет, Бауыржанқызы Алуа, Бәйдібек Қошан, Бектас Ұлсая, Ғаппар Бибол, Жамбылов Мирлан, Жаппар Абылай, Жұпарбекқызы Аружан, Қуанышев Бекзат, Қайырмағамбетов Мақсат, Майранова Роза, Нұғманова Жайсаң, Өмірғалы Мадияр, Рахымбердиев Дамир, Сәлімхан Нұрдана, Төлепова Гүлімай, Ұлықпан Нұрсабек, Хасенова Фариза, Шерниязова Бибігүл қатысып, А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән-күйі» және басқа музыкалы-этнографиялық жинақтардағы айтылмаған әндерді орындады.

Концертті «Халық әні» кафедрасының доценті Е.Шүкіман жүргізді.





Альбомдарға оралу