Menu HELPDESK

«Фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан жоғарғы оқу орындары арасындағы XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында 6В02102 – «Аспаптық орындаушылық» «Фортепиано» номинациясы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Өнер-білім додасына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Арнайы фортепиано» мамандығының студенттері және Қазақ Ұлттық өнер университетінің білім алушылары қатысып, бақтарын сынады.

Бағалау комиссиясы мынадай құраммен жұмыс жасады.

Комиссия төрайымы: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Театр өнері» факультеті «Музыкалық театр» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты – Сұлтанғалиева Эльмира Сәкенқызы.

Комиссия мүшелері: Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі – Гавриленко Ирина Анатольевна, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының профессоры – Узенбаева Гүлжан Еркінқызы, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті – Тілеубергенов Арман Алдабергенұлы.

Хатшы: Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға окытушы – Романенко Александр Александрович.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен төмендегі студенттер марапатталды.

I орын – Құрманғазы атындағы ҚҰК, Майханов Мухамедали,

жетекшісі – доцент Айғалқаева Ботагөз Бағдатқызы;

II орын – Құрманғазы атындағы ҚҰК, Джон Хан-Хий,

жетекшісі – профессор Узенбаева Гүлжан Еркінқызы;

II орын – Астана қ. Қазақ Ұлттық өнер университеті, Карпова Ольга, жетекшісі – профессор Измайлов Нұрлан Тохтарұлы;

III орын – Астана қ. Қазақ Ұлттық өнер университеті, Шмелева Александра, жетекшісі – профессор Измайлов Нұрлан Тохтарұлы;

III орын – Құрманғазы атындағы ҚҰК, Абдулова Амина, жетекшісі – доцент Хегай Станислав Емельянович;

III орын – Құрманғазы атындағы ҚҰК, Салы Айдана, жетекшісі – профессор Узенбаева Гүлжан Еркінқызы.





 



Альбомдарға оралу