Menu HELPDESK

Гобой сыныбы концерті болып өтті

2024 жылдың 12 наурызында А.Жұбанов атындағы Кіші концерттік Залда профессор Т.К.Нұралының Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Гобой сыныбы концерті болып өтті.

Концерттік бағдарлама барысында студенттер Алмат Бахтияр, Дәуітбек Дәулет, Рашит Аружан, Оспанбаева Аяжан, Байқожа Камила, Малимбаева Құралай, Медеуқызы Жанел, сондай-ақ, Сатбаев Олжас (флейта), Омарова Ақерке (флейта) өнер көрсетіп, шетел композиторларының шығармаларын орындады.

Концертмейстер - Халықаралық конкурстардың дипломаты Г.С.Абдрашева.


Альбомдарға оралу