Menu HELPDESK

«Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша нәтижелер жарияланды



2024 жылдың 5 сәуірінде Құрманғазы атындағы ҚҰК А.Жұбанов атындағы концерт залында «6В02115, 6В02102 - Аспаптық орындаушылық» мамандығы «Ішекті аспаптар» номинациясы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. 
Қазылар алқасы келесі құраммен жұмыс жасады. Төрайымы: Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы - ҚР Халық әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Ішекті аспаптар» кафедрасының меңгерушісі, профессор.

Қазылар алқасының мүшелері: Бекмағамбетова Мақпал Хамитқызы – ҚР еңбек сіңірген әртісі, Астана қ. Қазақ ұлттық өнер университеті «Скрипка» кафедрасының профессоры, Махмуд Диана Ерболатқызы – Халықаралық конкурстардың лауреаты, PhD докторы, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті, Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы –
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ішекті аспаптар» кафедрасының профессоры, Ким Геннадий Сергеевич – Мәдениет саласының үздігі, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ішекті аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы. 

Олимпиадаға Құрманғазы атындағы ҚҰК-нан 22 студент, ҚазҰӨУ-нен 3 студент (Астана қ.) қатысты. Қорытынды бойынша жоғары нәтижелерге төмендегі студенттер қол жеткізді. 
I орын - Мұханбетқали Шерәлі Құрманғазы атындағы ҚҰК. Профессор Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы сыныбы, концертмейстер Валиева Эльмира Серікқызы;
II орын - Ақбергенов Нұркен Құрманғазы атындағы ҚҰК. Профессор Джулмухамедова Айжан Абылайханқызы сыныбы, концертмейстер Қуатқызы Дария;
II орын - Есенбаева Мирям Құрманғазы атындағы ҚҰК. Профессор Абатова Алма Абдракашқызы сыныбы, концертмейстер Абдықадырова Жаннель Қанатқызы;
III орын - Мұханбетжан Мұханбетнұр Құрманғазы атындағы ҚҰК. Доцент Амреев Ерлан Абдыхадырович сыныбы, концертмейстер Абдықадырова Ж.Қ.;
III орын - Жүнісбаев Бекжан Құрманғазы атындағы ҚҰК. доцент Амреев Ерлан Абдыхадырович сыныбы, концертмейстер Абдықадырова Ж.Қ.;
III орын - Айтқұлова Камила Тимурқызы Астана қ. ҚазҰӨУ. Профессор Бекмағамбетова Мақпал Хамитқызы, концертмейстер Абдықадырова Ж.Қ.








Альбомдарға оралу