Menu HELPDESK

«Көктем сазы» атты концерт өтті


2024 жылдың 5 сәуірінде Ғ.Жұбанова атындағы камералық залда «Халық музыкасы» факультеті «Халық әні» кафедрасының ұстазы ҚР Мәдениет саласының үздігі Э.Ж.Қарабалинаның шәкірттері Республикалық конкурстардың лауреаттары Тілеш Әділет пен Темірбекова Аиданың «Көктем сазы» атты жеке концерті болып өтті. Концерттік бағдарламада сондай-ақ кеш қонақтары «Хафиз» ансамблі, Анель Ахмедиярова, Қадыр Ерқанат, Тайыпова Айдана, Зинор Нұрай өнер көрсетті.





 

Альбомдарға оралу