Menu HELPDESK

Халық музыкасы факультетінің ашық есік күндері өтті



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 15 мамыр, 11:00-де, "Халық музыкасы" факультетінің деканатында, факультеттің ашық есік күндері өтті. 

Оған факультет деканы профессор Т.Тоқжанов және домбыра, қобыз-баян, халық әні кафедраларының меңгерушілері Д.Нұрбаева, А.Қарсақбаева, А.Күзеубай және «Үш шекті және фольклорлы аспаптар» секциясының меңгерушісі З.Ізмұратова қатысты. Сондай-ақ, ашық есік күндеріне Алматы қаласындағы П.И.Чайковский атындағы музыкалық колледжін бітіруші оннан аса студенттер де қатысты. ФБ, инстаграмм сынды әр түрлі әлеуметтік желілерден көптеген сұрақтар келді. Сұрақтардың дені оқуға тапсыратын құжаттар мен бағдарламалары жөнінде болды. Кафедра меңгерушілері сұрақтарға толықтай жауап берді.

 

Альбомдарға оралу