Menu HELPDESK

«Халық әні» және «Жыршылар» номинациясы бойынша XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздары анықталды


2024 жылдың 26 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында өткізілетін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Халық әні» кафедрасының «Халық әні», «Жыршылар» номинациясы бойынша басталды.

Аталған студенттік пәндік олимпадасына Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ ұлттық өнер универститеті, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қатысып, бақ сынады.

«Халық әні» номинациясы бойынша ҚР халық әртісі Р.Стамғазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А.Исатаева, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Т.Құрманғалиев пен Э.Қарабалина қазылық етсе, «Жыршылар» номинациясы қатысушыларының өнерін ҚР еңбек сіңірген қайраткері С.Жанпейісова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері А.Күзеубай, А.Ахметова, К.Қайрулла сияқты кафедра ұстаздары бағалады.

Олимпиадаға Қазақстанның әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан арнайы келген 22 студент келіп қатысты.

«Халық әні» номинациясы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Мирлан Жамбулов І-орын, Нұрдана Сәлімхан мен Мадияр Өмірғали ІІ-орынға, Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА студенті Жасұлан Өтемұратов және консерватория студенттері Дамир Рахимбердиев пен Сәулет Аманғазин ІІІ-орынға ие болды.

Ал «Жыршылар» номинациясы бойынша Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Қайырбек Теңел І-орынға, консерватория студенттері Гүлімай Төлепова мен Фариза Хасенова ІІ-орынға, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенті Қуаныш Жолдас ІІІ-орынға және М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Сабина Ғабитова ІІІ-орынға ие болды.






Альбомдарға оралу