Menu HELPDESK

ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Қыл қобыз», «Прима қобыз» және «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша жеңімпаздарды жариялады




2024 жылдың 4 сәуірінде консерваторияда өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы «Қобыз және баян» кафедрасының «Қыл қобыз», «Прима қобыз» және «Баян, аккордеон» номинациялары бойынша жеңімпаздарды жариялады.

Аталған студенттік пәндік олимпиадасына Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысып, бақ сынады.

Олимпиадаға Қазақстанның әр өңіріндегі жоғары оқу орындарынан арнайы келген 27 студент қатысты. «Қыл қобыз» номинациясы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Майданова Самал І орынға, Мұхаметқанова Алуа мен Тілекқабылова Динара ІІ орынға, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің студенті Қазбекова Назерке, Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенті Фехер Богларка, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Аманжол Айнұр ІІІ орынға ие болып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Мукашева Диана және Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Ахметжанова Айгерім «Жаппас Қаламбаев» атындағы арнайы дипломға ие болды.
Ал, «Баян, аккоредон» номинациясы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Нышанбаев Нұрислам І орынға, Валиев Ибрагим мен Жарас Аружан ІІ орынға, Лесов Дархан, Сагадиев Рашид, Талапұлы Қайрат ІІІ орынға ие болды.
«Прима қобыз» номинациясы бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Медет айым І орын, Арықбаева Аружан және Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті Аманқос Гүлсезім ІІ орын, Ақылбек Амина, Амирбек Ақнұр, Табышева Бексана ІІІ орынды иеленіп, Бауыржанқызы Елдана, Бисенбай Дина, Махамбетова Қасиет «Меруерт Каленбаева» атындағы арнайы дипломмен, сонымен қатар, Қайнашаева Марал, Сатина Мадина, Аубакирова Айдана Алғыс хатпен марапатталды.

















Альбомдарға оралу