Menu HELPDESK

Композитор, мульти-аспапшы Еділ Құсайыновтың «Анама тағзым» атты кітабының тұсаукесері өтті


2024 жылдың 3 сәуірінде Ғ.Жұбанова атындағы Камералық залда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай XVI Республикалық кіші олимпиада аясында «Қобыз және баян» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, мульти-аспапшы Еділ Құсайыновтың «Анама тағзым» атты кітабының тұсаукесер концерті болып өтті.

Концерттік бағдарлама барысында Төребай Әсел (прима қобыз), Рақымжан Әсел (прима қобыз), Әбілсейіт Аружан (альт), Мазанбеков Ернұр (виолончель), Жүнісова Балжан (прима қобыз), Ташимова Салтанат (скрипка) өнер көрсетті.

Концертмейстерлер – Абдықадырова Жаннель, Қоқыбасова Шынар, Жүнісова Рахима, Ғимарат Ерназар, Ташимова Әсел.








Альбомдарға оралу