Menu HELPDESK

Консерватория кітапханасы виртуалды көрме ұйымдастырды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кітапханасы композитор Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовтың шығармашылығына арналған виртуалды көрме ұйымдастырды.

Базарбай Сағадиұлы – консерваторияның атақты түлегі, Қазақстанның еңбегі сіңген өнер қайраткері, көрнекті композитор әрі музыка педагогы. Өнер иесінің шығармашылығына арналып ұйымдастырылған виртуалды көрме оқу ордамыздың студенттеріне композитор туындыларымен танысуда үлкен көмек әрі серік болары анық.
Айта кетер маңызды жайт, шығармашылық тұрғысынан алғанда дәстүрлі көрмеден гөрі виртуалды көрменің артықшылығы басымырақ екендігі рас. Себебі, мұндай көрме басты кейіпкердің шығармашылығын насихаттауда жаңа ақпараттық технологияны пайдаланады. Виртуалды көрмені қолданушылар Базарбай Жұманиязовтың шығармашылығымен жете танысуды қаласа, олар шектеулі уақытқа тәуелді болмайды, яғни кез келген уақытта сайтқа кіріп, бар ақпаратпен таныс бола алады. Сонымен қатар аталмыш көрме арқылы пайдаланушылар библиографиялық тізімді, толық мәтінді, басқа да ресурстарды, графикалық бейнелерді тауып, қажетті ақпараттарды толық қарап шығып, уақыттарын да үнемдейді.
Көрме барысында шығармашылық иесінің кантаталар мен поэмалардан тұратын «Шаттық шалқуы», «Көп қарадым суретіңе» және т.б. көптеген кітаптары, «Серпер: симфониялық поэмасы», «Отан салтанаты» атты мақаласы көрсетілді.
Жалпы виртуалды көрме бір аптаға жоспарланған.
Яғни аталмыш көрме 23.11.2020-28.11.2021 аралығында үстіміздегі апта бойына жалғасады.
Көрмені мына сілтеме бойынша қарауға болады:
http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385

Сондай-ақ, алдағы апталарда:
29.11.2021-07.12.2021 АҚШ-тан келген кітаптарға арналған;
08.12.2021-15.12.2021 Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған;
виртуалды кітап көрмелерімен таныс бола аласыздар.
Альбомдарға оралу