Menu HELPDESK

Консерватория оқытушылары кәсіптік бағдар беру шараларын өткізді



2023 жылы сәуір айының 22-30 аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті, Ермек Серкебаев атындағы Халықаралық вокалистер конкурсының лауреаты С.А. Нұрғалиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы, «Фортепиано» кафедрасының доценті А.А. Тлеубергенов және «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы А.Е. Пархоменко Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы музыкалық колледжіне, Атырау қаласындағы «Дина Нұрпейісова атындағы Халық музыкасы академиясы» музыкалық колледжі сондай-ақ, Ақтау қаласындағы Маңғыстау өнер колледждеріне арнайы барып, аталмыш оқу орындарында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп қайтты.


Осы кәсіптік бағдар беру шаралары аясында төмендегі жұмыстар атқарылды. Музыкалық колледждердің студенттері мен оқытушыларына консерватория қызметі, кафедралардың білім беру бағдарламалары таныстырылып, консерваторияға түсу тәртібі мен талаптары жете түсіндірілді.


Сонымен қатар, шеберлік сыныптары, концерттік қойылымдар мен білім алушылардың тыңдалымы ұйымдастырылып, жас ұстаздар әдістемелік ұсыныстармен қамтылды.















Альбомдарға оралу