Menu HELPDESK

Консерватория ұстаздары кәсіби бағыт беру жүмыстарын жүргізуде



2023 жылдың 3-5 мамыр аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұстаздары Күзеубай Аманкелді Ұзақбайұлы - PhD докторы, доцент, ҚР Мәдениет саласының үздігі, халық әні кафедрасының меңгерушісі, Абатова Алма Абдрақышқызы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ішекті аспаптар кафедрасының профессоры,         Нұрғалиева Гүлнара Асылбекқызы - вокалдық өнер кафедрасының доценті, Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжі, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы музыка колледжі және облыстық дарынды балаларға арналған музыка мектебіне барып шеберлік кластары мен оқу орындарының түлектеріне арналған кәсіби бағыт беру жұмыстарын жүргізді.

Студенттер мен ата-аналар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Олар консерваторияның қазіргі таңда жүргізіп отырған жұмыстарына қызығушылықпен қарайтындарын айтты. Әсіресе консерваторияда ашылған жаңа мамандықтар мен мажор-минор, сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасына асқан қызығушылықтарын танытты. Консерватория тарапынан жүргізілген жұмыстарға ұжым басшылығы өз ризашылықтарын білдіріп, келген ұстаздарға және консерватория ректоры Арман Әділханұлына алғыс білдірді.





























Альбомдарға оралу