Menu HELPDESK

Консерватория студенті А. Глазунов атындағы халықаралық байқауда топ жарды



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының"Ішекті аспаптар" мамандығында оқитын 1-курс студенті Мадина Асхат (альт) Парижде өткен А. Глазунов атындағы XII Халықаралық байқауда 1 орынды иеленіп, лауреат атанды. Ұстазы - доцент Н.Е. Сағымбаев.


Франция, Люксембург, Словения, Хорватия, Литва, Черногория, Босния и Герцеговина сынды елдерден шебер орындаушылардың қатысқанына қарамай консерваториямыздың шәкірті үздік шығып отыр. Мадинаны және оның ұстазын айтулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз.



Альбомдарға оралу