Menu HELPDESK

Консерватория студенті халықаралық байқауда «Музыкалық менеджмент» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды



«Арт-менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Аубакирова Анель «Қазақстанның креативті индустрияларын картографиялау» атты ғылыми жұмысымен «VII Халықаралық өнер және көркемдік білім беру саласындағы студенттердің ғылыми жұмыстары» байқауына қатысып, «Музыкалық менеджмент» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломымен марапатталды.

Байқау 2023 жылдың 12 сәуірі мен 12 мамыры аралығында офлайн және онлайн форматта Татарстанның Қазан қаласында өтті. Байқаудың ұйымдастырушылары: «Қазан федералды университеті», Филология және мәдениетаралық коммуникация институты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша байқаудың комиссия мүшелері екінші кезеңге үздік ғылыми жұмыстарды іріктеді. Байқаудың екінші кезеңі ғылыми жұмысты баяндама түрінде көпшілік алдында ұсынуды және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруді талап етті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Аубакирова Анель жеңімпаз атанды.

Алғыс хатпен ғылыми жетекшісі - «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы, PhD, А. Оспанова марапатталды.

Аубакирова Анельді және ғылыми жетекшісін жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!



Альбомдарға оралу