Menu HELPDESK

Консерватория студенті Халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауында дипломант атанды




"Арнайы фортепиано" мамандығының 3-курс студенті Рахимов Рашид (ҚР Халық артисі, профессор Қадырбекова Гүлжамиля Ихсанқызы сыныбы) V халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауының дипломанты атанды.

 

"Eurasian Stars" V Халықаралық пианистер байқауы 2023 жылғы 25-28 сәуір аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде (Астана) өтті. Байқауға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай пианистері 35-ке дейінгі жас санатында қатысты. Байқаудың финалына халықаралық конкурстардың лауреаттары, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясы және т.б. оқу орындарының түлектері қатысты.

 

Байқаудың халықаралық қазылар алқасының құрамына белгілі музыканттар: Гүлжамиля Қадырбекова (Қазақстан), Никита Мндоянц (Франция), Сара Асабаева (Қазақстан), Гюлсин Онай (Түркия) кірді.

 

Жүлдегер студентіміз бен оның ұстазын айтулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз.









Альбомдарға оралу