Menu HELPDESK

Консерватория студенттері «Қазақ романсиадасы» XXIII халықаралық байқауында топ жарды


2021 жылдың 19-21 қараша аралығында Түркістан қаласында «Қазақ романсиадасы» XXIII халықаралық байқауы өтті.

«Қазақ романсиадасы» XXIII халықаралық байқауының қазылар алқасына Ресейдің еңбек сіңірген артисі Галина Преображенская төрағалық етті.

Байқау бағдарламасына сәйкес өнер додасында қазақ және орыс тілдерінде романстар орындалды.

Байқауға консерваториямыздың бірқатар студенттері қатысып, жүлделі орындар иеленді. Атап айтсқақ:

I орын – 4-курс студенті Артықбаев Нұрбол (ұстазы – профессор, Х.А. Авхий);

II орын – 4-курс студенті Төлепберген Аружан (ұстазы – А.А. Юсупова);

II орын – 4-курс студенті Алмас Нұрсат (ұстазы – Г.К. Есімов);

3-курс студенті Алимұса Сұңқар (ұстазы – Б.Н. Жомартов) арнайы дипломмен марапатталды.

Жүлделі орын алып, жеңіс тұғырынан көрінген студенттеріміз бен олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!





 

Альбомдарға оралу