Menu HELPDESK

Консерватория студенттері гуманитарлық көмек көрсету мақсатында флэшмоб өткізді


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультеті «Дирижерлеу» кафедрасының студенттері 2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында флешмобқа шықты.

Жиналған қаражатқа студенттер қажетті заттарды сатып алып, сол күні барлық заттарды Байтұрсынов көшесі, 22/1 мекен-жайдағы "Community Center" (гуманитарлық көмек қабылдау пункті) үйіне апарды, мұнда қазір жалпықалалық көмек жинау өтіп жатыр.


Альбомдарға оралу