info@conservatoire.kz

Консерватория қызметкерлері жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай консерватория қызметкерлері жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Парасат» орденімен «Қобыз және баян» кафедрасының профессоры Ғалия Молдакаримова, ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен «Домбыра» кафедрасының профессоры Ерсайын Басықара марапатталды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмыстарына табыс, шығармашылық шабыт тілейді.

WhatsApp Image 2020-12-19 at 14.12.03.jpeg

WhatsApp Image 2020-12-19 at 14.12.03 (1).jpeg
вернуться в альбомы