Menu HELPDESK

Консерваторияда Баян мен аккордеон фестивалі өз мәресіне жетті



2022 жылғы 7 желтоқсан күні Құрманғазы ат. ҚҰК А. Жұбанов атындағы Кіші залда ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор Анатолий Гайсиннің 70 жасқа толу мерейтойына арналған VІІ Халықаралық баян мен аккордеон фестивалі шымылдығын түрген болатын. Фестиваль шаралары сол күні Құрманғазы ат. Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен магистранттарының концертімен басталды. Шара аясында 8 желтоқсан күні консерваторияның Ф. Шопен ат. камералық залында РФ Еңбек сіңірген артисі Ю. Шишкиннің шеберлік сыныптары өткізіліп, жеке концерті берілді. Сондай-ақ Б корпусының №400 дәрісханасында ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А. Гайсиннің шеберлік сыныптары өткізілді.


Ал желтоқсанның 10 күні Е. Рахмадиев ат. Үлкен концерт залында өткен Гала-концерт фестивальді түйіндеген шара болды. Қорытынды концертке ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Мұқаддас Ғабдиев, Алексей Ефременко, Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының Мәдениет және білім салаларының еңбек сіңірген қызметкері Ғалымжан Тамендаров, Халықаралық байқаулардың лауреаты, әлемдік баяншылар мен аккордеоншылар қауымдастығының мүшесі Ғалымжан Нарымбетов, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, PhD докторлары Нартай Бекмолдинов, Толқынхан Самғар, Денис Брагинский, Рашид Сағадиев, Баубек Өмірғали, Ерік Көшеров, А. Жұбанов атындағы музыкалық колледждің оқушылары және консерваторияның Қобыз және баян кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.

















Альбомдарға оралу