Menu HELPDESK

Консерваторияда футболдан III факультетаралық жарыс өтті



Консерваторияда студенттер арасында 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Спорт денсаулық кепілі» атты футболдан III факультетаралық жарыс өтті.


Жеребе тасталып, командалар анықталған рет бойынша ойындарын өткізіп, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар анықталып, ұтқан орындарына сәйкес еңбектері ескеріліп, тиісті дипломдармен марапатталды.


Жарыс қорытындысы бойынша ВДжМББ 3-курс 1 орын, Муз/білім аралас 2 орын, ХМФ 2-курс 3 орын иеленді. Үздік ойыншы – Амантұрлыұлы Нұрбек, ВДжМББ 3-курс. Үздік қақпашы – Хасанов Жалғас Үрмелі және ұрмалы аспаптар 1-курс.


Осындай спорттық сайыстардың өткізілуі консерватория өмірінде дәстүрге айналған. Мақсат – жас музыканттарды салауатты өмір салтына дағдыландыру.



Альбомдарға оралу