Menu HELPDESK

Консерваторияда КСРО Халық артисі Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығына орай концерт өтті



2022 жылдың 6 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында КСРО Халық артисі, профессор Жылысбаев Бекен Бәкенұлының 100 жылдығына орай «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушысы Меңдалиев Кенжебек ұстаздық ететін сынып студенттерінің ұйымдастыруымен «Ән тербер жүрегімді» атты концерт өтті.

 

Аталмыш кеште «Вокалдық өнер» кафедрасының студенттері Мадина Ерланова, Мақсат Қадыр, Ердуман Бейбітұлы, Ақжол Әмірхан, Абай Қайырбек, Бекзат Мұсаев, Айдар Әбдірахманов, Шыңғыс Нұрғалиұлы, Нұрсултан Өтеген, Ердос Жақия, Ердәулет Амангелді, Иса Төкенов, Рахмадиева Айша қазақ, Батыс Еуропа, орыс операларынан ариялар және ән, романстар орындады.









Альбомдарға оралу