Menu HELPDESK

Консерваторияда «Minor» қосымша білім беру бағдарламасы жөнінде кездесу өтті

2024 жылдың 10 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Мырзашева Әлия Төкенқызы, аға оқытушы Байтанаев Әлібек Серікұлы, оқу-әдістемелік қызметінің басшысы Жұмаділова Жәмилә Амантұрлықызы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына арнайы келіп студенттерді «minor «Дыбыс режиссурасы» қосымша білім беру бағдарламасымен кеңінен таныстырды. 

Әріптестер «Good Vibes Production» серіктес студиясының материалдық-практикалық базасында іске асырылып отырған бағдарламалық курсы жайында толық мәлімет берді. Кездесу барысында аталмыш бағдарлама бойынша білім алушылар дыбыс жазудың акустикалық негіздерін, дыбысты компьютерлік өңдеуді, дыбыс жабдығы мен жазу технологиясын, көпарналы фонограмманың біріктіру жолдарын оқып меңгеретіндігі жөнінде әңгіме қозғап, бағдарламаны толық меңгергенде оқытылған пәндер тізбесі мен қол жеткізілген оқу нәтижелері көрсетілген Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА сертификаты табыс етілетіндігін мәлімдеді.

   

   

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Альбомдарға оралу