Menu HELPDESK

Консерваторияда «Скрипка музыкасының концерті» өтті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында «Скрипка музыкасының концерті» өтті. Классикалық музыка аспабында Анель Төлеубаева, София Каднова және Дәулет Матжанов (профессор А.А.Абатова мен оқытушы А.М.Гадееваның сыныбы) өнер көрсетті. Ал фортепианода Ж.Әбдіқадырова мен А.Азисханова сүйемелдеді.

Концерт барысында шетелдік композиторлардың шығармалары орындалды. Шарада өнер көрсеткен талантты музыканттар неміс композиторы Иоганн Бах, поляк скрипкашысы әрі композиторы Генрик Венявский, орыс композиторы Сергей Прокофьев, кеңестік композитор Василий Великанов, француз композиторы Камиль Сен-Санс, сондай-ақ фин композиторы Ян Сибелиус сынды әлемдік тұлғалардың туындыларын асқан шеберлікпен орындап, жиналған көпшілікті скрипканың сазына бөледі.

Залға жиналған өнерсүйер қауым өнерпаздардың орындаушылық шеберлігіне оң бағасын беріп, ыстық ықыластарын білдірді.



Альбомдарға оралу