Menu HELPDESK

Консерваторияның 80 жылдығына арналған скрипка музыкасының концерті өтті



2024 жылдың 27 наурызында А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған Скрипка музыкасының концерті болып өтті. 

Концерттік кеште консерватория ұстаздары К.Халилова, Е.Сапарбаев сыныптарының шәкірттері Томирис Қамбар, Айғаным Сағынтаева, Гүлдана Әлімбек, Ақбота Мәуленқұл, Зейне Дәуітбергенова, Айгерім Исабай, Айзада Тоқтарова, Зарина Рысқали, Нұрай Рысқұлова, Асқар Аружан, Арайлым Бекмағамбетова, Саяна Садуақасова өнер көрсетіп, қазақ және батысеуропалық композиторлардың шығармаларын орындады.

Концертмейстерлер - Альбина Ким және Рахат Мұратәлі.







Альбомдарға оралу