Menu HELPDESK

Консерваторияның профессор-оқытушылық құрамы Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларына кәсіптік бағдар беру сапарын жасады


2023жылдың 30 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы, PhD докторы, доцент Бекенова Айжан Сіләмқызының жетекшілігімен, өнертану ғылымдарының магистрі, «Арнайы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Дүйсембаева Рабиға Сыдыққызы, сондай-ақ Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының профессоры Ерманов Жанат Рахметоллаұлы Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларындағы арнайы-орта музыкалық мекемелері түлектеріне кәсіптік бағдар беру іс-шаралары мен шеберлік сыныптарын өткізіп қайтты.

Іс-шара барысында колледж түлектері Құрманғазы атындағы ҚҰК оқуға түсу үшін талапкерлерге арналған ережелер мен мерзімі жайында ақпарат алып, болон жүйесі аясындағы қазіргі таңда іске асырылып жатқан және жаңа кәсіптік даму бағдарламаларынан, сонымен қатар, Erasmus академиялық ұтқырлық бағдарламасынан, Major/Minor білім беру бағдарламасына жаңашылдық енгізу артықшылықтарынан және т.б. хабардар болды.

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары аясында ішекті аспаптар, фортепиано және үрмелі аспаптар мамандықтарына арналған кеңейтілген шеберлік сыныптары өткізілді.

Аталмыш білім мекемелерінің басшылықтары атқарған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы мен профессорлар мен оқытушылар құрамына алғыстарын жаудырды.












Альбомдарға оралу