Menu HELPDESK

«Майдақоңыр» атты концерт өтті



2023 жылдың 12 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұстаздарның Ақан сері Қораамсаұлының 180 жылдығына арнаған «Майдақоңыр» атты концерті өтті.


Концерттік кеш бағдарламасында ҚР еңбек сіңірген артисі Рамазан Стамғазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева, Мәдениет саласының үздіктері Тілеулес Құрманғалиев, Амангелді Күзеубай, Армат Ислямғалиев, Талғат Абуғазы, Абай Қойшыбаев, Күнқожа Қайрулла, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Бағлан Бәбіжан, Қаламқас Қадырбаева, Венера Қаржаубаева, Ақтоты Базарбаева, «Халық әні» кафедрасының магистранты Ідірбай Байбақтылар өнер көрсетті.


Кеш қонақтары: Домбрашылар ансамблі, ҚР еңбек сіңірген артисі Айгүл Үлкенбаева және шәкірттері, «Кертолғау» қылқобызшылар ансамблі жетекшісі: Әйгерім Қарсақбаева, «Жас-Мұқасан» вокалдық ансамблі.


Концертмейстер: Халқаралық байқаудардың дипломанты Максютенко анатасия.


Кеш жүргізушілері: Нұрғалиұлы Шыңғыс, Қадырбаева Қаламқас.












 



Альбомдарға оралу