Menu HELPDESK

МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ БОЛЫП ӨТТІ

2024 жылдың 6 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында Жастар ісі жөніндегі комитеті, студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және «Мейірім» еріктілер клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мереке күніңмен...» атты кураторлық сағат болып өтті.

Іс-шараны Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ешмұханов құттықтау сөзбен ашып, көктемнің жайма-шуақ күндерімен қатар келген мерекелермен шын жүректен құттықтады.

Көктемнің алғашқы күндерімен қатар келетін аяулы аналар мейрамы қарсаңында өткізілген аталмыш кеште консерватория студенттері өз өнерлері арқылы ақ жаулықты аналар мен аяулы қыздарға деген ақжарма тілектері мен ізгі ниеттерін жеткізді.











Альбомдарға оралу