Menu HELPDESK

Мобайл университетінің (АҚШ) профессоры шеберлік сыныптарын өткізді




16-17 мамыр аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Мобайл университетінің профессоры, Музыка ғылымдарының докторы және «Steinway» артисі Қадиша Оңалбаеваның шеберлік сыныптары болып өтті.

Шеберлік сынып барысында Й.Гайдн, В.А. Моцарт және С. Прокофьев сонаталарымен, А. Скрябин этюдтерімен және Ф.Лист пен С.Рахманинов пьесаларымен жұмыс жүргізілді.  Профессорды студенттердің орындауындағы  Г. Үзенбаеваның шығармасы мен Н. Капустиннің  полифониялары таң қалдырды.

Доктор Қ.Оңалбаева білім алушы пианистердің дайындық деңгейінің жоғары екенін, сондай-ақ, шеберлік сабақтарының барысындағы олардың эмоционалдық тартымдылығы мен шығармашылық ынталарын атап өтті.

Аталмыш шеберлік сыныбы аясында студенттердің алған білімдері мен тәжірибелері үшін Мобайл университетінің (АҚШ) профессорына алғысымызды білдіреміз!










Альбомдарға оралу