Menu HELPDESK

«Музыкальное приношение» атты фортепиано музыкасының кеші өтті

2024 жылдың 29 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы концерттік залда Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған «Музыкальное приношение» атты фортепиано музыкасының кеші өтті.

 

Концерттік бағдарламада халықаралық байқаулардың лауреаты, «Арнайы фортепиано» кафедрасының 4-курс студенті Рашид Рахимов өнер көрсетті. Ұстазы - ҚР халық әртісі, профессор Г.И.Қадырбекова.

 

Концертте Л.ван.Бетховен, Ф.Шуберт, Ф.Шопен, С.Рахманинов, Д.Шостакович шығармалары орындалды.

Альбомдарға оралу