Menu HELPDESK

«Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің ашық есік күндері



2023 жылдың 15 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану, Арт-менеджмент және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» факультетінің Ашық есік күндері тікелей эфир форматында Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желі парақшаларына өтті.

Факультет деканы Г.Ж.Мұсағұлова талапкерлерді консерватория тарихымен, сондай-ақ барлық кафедра мен факультеттердің жетістіктерімен таныстырып өтті. Жатақханаға орналасу талаптары жайында ақпарат берді.

Аталмыш кездесуде кафедра меңгерушілері М.Т.Қойлыбаева мен С.С.Қалиев «Музыкатану, композиция» және «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламалары туралы ақпараттармен бөлісті.

Ашық есік күніне сондай-ақ, магистратура мен доктарантураға түскісі келетін жандардың сұрағына жауап берген Д.Е.Кешубаева мен емтихан мерзімі жайында толық мәлімет берген Н.А.Ертаева да қатысты.

Барлық қатысушылар онлайн жүйеге қосылған талапкерлердің алуан-түрлі сұрақтарына жауап берді.


Альбомдарға оралу