Menu HELPDESK

Профессор Б.Жаманбаевтың шеберлік сыныбы өтті



2023 жылдың 10 мамырында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ Үлкен концерт залында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, А.Байтұрсынов атындағы Алтын белгі иегері, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлының шеберлік сыныбы болып өтті. 


Профессор оқушылар және мұғалімдермен вокалдық-дирижерлеу шеберлігінің құпияларымен бөлісе келе, дирижерлеудегі мануалды техниканы қалыптастыруға, хор сольфеджиосына баса назар аудару керектігін және студенттердің өз мамандығына деген құлшынысы жайында атап өтті. 


Шеберлік сыныбына қатысушылардың сабақтан соң хор-дирижерлік өнерді танып-білуіне деген қызығушылықтары арта түсті.





 



Альбомдарға оралу