Menu HELPDESK

Профессор Баспаев Жамбыл Күзембайұлының 85 жылдығына орай концерт өтті



2023 жылдың 2 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының Халық артисі, профессор Баспаев Жамбыл Күзембайұлының 85 жылдығына орай концерт өтті.


Концертке халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Эльдар Айтбеков, Мақсат Нұрланов, Салауат Карібаев, Жамбыл Баспаев (кіші), профессор А.А.Джулмухамедова сыныбының студенттері, Құрманғазы атындағы ҚҰК виолончелистер ансамблі (көркемдік жетекші А.Е.Эмреева), Эльмира Валиева (фортепиано) қатысты.


Концерт жүргізушісі: Гүльнара Қадырбекова.


Концерттік кеш бағдарламасында А.Метусс, Г.Кассад, Н.Паганини, Ф.Шуберт, А.Пьяцолла, К.Пендерецкий, З.Кодай, В.Линдеман, А.Толықпаев шығармалары орындалды.



















Альбомдарға оралу