Menu HELPDESK

"Сағыныш" атты жеке концерті болып өтті

2024 жылдың 12 наурызында Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік Залда ҚР Мәдениет саласының Үздігі Айгерім Қарсақбаеваның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған "Сағыныш" атты жеке концерті болып өтті.

Концерттік кешке "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблі (көркемдік жетекшісі ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Тлегенов) арнайы қатысып, өнер көрсетті. Сондай-ақ, айтулы концерттік бағдарламада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік халық аспаптар оркестрі (оркестр жетекшісі Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әбілқайырхан Бейсеков, дирижері ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор, "Құрмет" орденінің иегері Жалғасбек Бегендіков) және ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Әлқуат Қазақбаев, Гүлзат Даурбаева, ҚР Мәдениет саласының Үздіктері Салтанат Құдайбергенова, Сатжан Шаменов, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Даурен Раев, Арайбек Асқар, Бақжол Ақажан өз өнерлерін көрермен қауымға паш етті.




Альбомдарға оралу