Menu HELPDESK

Сауыт Жандостың «Пассакалия» атты жеке шығармашылық кеші өтті

2024 жылдың 27 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Құрманғазы конкурсының 1 орын иегері, «Қобыз және баян» кафедрасының 4-курс студенті Сауыт Жандостың «Пассакалия» атты жеке шығармашылық кеші өтті. Ұстазы - ҚР мәдениет сіңірген әртісі, профессор А.М.Гайсин.

 

Концерттік бағдарламада ҚР мәдениет саласының үздігі республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Ғ.М. Нарымбетов, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке орындаушысы Д. Елемес өнер көрсетті.




Альбомдарға оралу