Menu HELPDESK

«Саз әлемінде» атты шығармалар жинағының тұсаукесер концерті болып өтті

2024 жылдың 6 наурызында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында «Музыкатану және композиция» кафедрасы мен «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай «Саз әлемінде» атты үрмелі аспаптарға арналған шығармалар жинағының тұсаукесер концерті болып өтті.

Концертте «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасы студенттерінің орындауында «Музыкатану және композиция» кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары жазған шығармалар орындалды.

Ұйымдастырушылар – Б.Дәлденбай, М.Қойлыбаева, Т.Горячева, А.Иманбаев.







Альбомдарға оралу