Menu HELPDESK

«Шабыт» шығармашыл жастар байқауынан студенттеріміз олжалы оралды

Жуырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақ Ұлттық өнер университетінің қолдауымен өткен  «Шабыт» шығармашыл жастардың XXIV халықаралық байқауынан консерваториямыздың студенттері қанжығаларын майлап қайтты.

«Үрмелі халық аспаптары» номинациясында бас бәйгеге Әйгерім Өтеген ие болып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқытушысы: Далбағай Гүлфайруз Есімханқызы, концертмейстер: Болжирова Баян Еркенқызы.

"Домбыра тенор" номинациясы бойынша  ІІ орынға профессор Айгүл Үлкенбаеваның  шәкірті Нұрай Зинор ие болды.


Аталмыш байқауда «Домбыра прима, Бас Домбыра» номинациясы бойынша Ертұрсын Мұратұлы ІІ орынды қанжығалады. Оқытушысы: Басықара Ерсайын Бақытұлы, концертмейстер: Кенжеғұлова Лаура Ерғалиқызы. 


Сондай-ақ, байқауда «Шертер» номинациясы бойынша ІІІ орынды Марат Мұстафа қоржындады. Оқытушысы: Басықара Ерсайын Бақытұлы, концертмейстер: Ерлан Бегендіков.

«Баян, Аккордеон» номинациясы бойынша доцент Оңдасын Абдуллаевтың шәкірті, 2-курс студенті Сауыт Жандос дипломант атанды.



Байқаудан жүлделі орындармен қайтқан студенттерімізге тек шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!

Альбомдарға оралу