Menu HELPDESK

Студентеріміз «Шабыт» шығармашыл жастардың XXV Халықаралық байқауының жүлдегерлер қатарында



2022 жылдың 17-21 қазан аралығында «Шабыт» шығармашыл жастардың XXV Халықаралық байқауы өтті.


Байқауда консерваториямыздың «Ішекті аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы Әміреев Ерлан Абдықадырұлының шәкірті, 1-курс студенті Еркінғазы Еділ «Ішекті аспаптар» аталымы бойынша 3 орынды иеленсе, 3-курста білім алып жатқан шәкірті Шынтеміров Құрманғазы байқау дипломанты атанды. Концертмейстер - Абдықадырова Жанель Қанатқызы.


Жүлдегер студенттерімізді және олардың ұстазы Ерлан Абдықадырұлын жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болып, биіктерден көріне беріңіздер демекпіз.









Альбомдарға оралу