Menu HELPDESK

СТУДЕНТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ПИАНИНОШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Композиция кафедрасының 1-курс студенті Айдархан Айсұлуды «PIANO FORTE» Халықаралық онлайн пианиношылар байқауында Гран-при жүлдегері атануымен құттықтаймыз!

Байқау 2021 жылдың 20 қаңтарында Елордада өтті.

Ұйымдастырушы: «Astana Stars» Халықаралық фестиваль қозғалысы.

Қолдаушы: Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы.

Ақпараттық қолдау: www.art-dance.kz

 

Қазылар алқасының төрағасы: Измайлов Нұрлан Тохтарұлы - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Қазақ ұлттық өнер университеті фортепиано кафедрасының (ЖАК) профессоры.

Байқау келесі номинациялар бойынша өтті:

·        Фортепиано соло

·        Жалпы фортепиано

·        Фортепиано ансамбльдері

·        «Мұғалім-оқушы»

 

1-курс студенті Айсұлу Айдархан (профессор Б. Дәлденбай сыныбы) «PianoForte» байқауында өзінің «Шабыт рапсодиясы» атты фортепианолық пьесасын орындады. Байқаудың қазылар алқасы Айсұлудың аспапты меңгеру дәрежесін, шығарманың күрделілігін, музыкалылығы мен орындау артистизмін жоғары бағалады. Соның нәтижесінде Айсұлу Айдархан «Жалпы фортепиано» номинациясы бойынша бас жүлде – Гран-приді иеленді.

Жеңімпаз студенттің тәлімгері профессор Бейбіт Дәлденбайдың жоғары кәсіби педагогикалық жұмысын атап өткен жөн, оның жетекшілігімен осы фортепианолық пьеса құрастырылды. Аға оқытушы Т.Х. Гафиатуллиннің («жалпы фортепиано») сыныбында шығарманы орындау үшін техникалық қиын орындарды еңсеру, динамикалық жоспарды нақтылау және фортепианолық рапсодияның сипатын неғұрлым айқын анықтау бойынша үлкен жұмыс атқарылды.

Айсұлуды осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оған жаңа шығармашылық жетістіктер тілейміз!



Диплом Гран-при_page-0001.jpg

Благодарственное письмо Гафиатуллина_page-0001.jpg

Дәлденбай Бейбіт Әбілұлы Багодарственное письмо_page-0001.jpg

Альбомдарға оралу