Menu HELPDESK

Студенттерге арналған академиялық ұтқырлық бойынша инфо-сессия өтті


2024 жылдың 27 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында Халықаралық бөлім қызметкерлері «Академиялық ұтқырлық арқылы музыкалық өнердегі жолың» тақырыбында инфо-сессия өткізді. Іс-шара бірінші және екінші курс студенттеріне арналған кураторлық сағат аясында өтті.

Инфо-сессия студенттерге академиялық ұтқырлық арқылы қол жетімді мүмкіндіктерді түсінуге көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. 1 және 2 курс білім алушыларына академиялық ұтқырлықтың қолданыстағы бағдарламалары, бүкіл әлем бойынша консерваторияның серіктес ЖОО-лары, халықаралық музыкалық фестивальдар мен конкурстарға қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.

Халықаралық бөлімнің өкілдері кәсіби байланыс желісін кеңейту, мәдени тәжірибені байыту және музыка саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктерін қалай пайдалану керектігі туралы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, ақпаратты айтып берді.





Альбомдарға оралу